Қазақстандықтар ұлтаралық қатынастарға қатысты ахуалды өткір проблемаларға жатқызбайды - социологиялық сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар ұлтаралық қатынастарға қатысты ахуалды өткір проблемаларға жатқызбайды - социологиялық сауалнама

Қазақстандықтар ұлтаралық қатынастарға қатысты ахуалды өткір проблемаларға жатқызбайды - социологиялық сауалнама

Алматы. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандықтар ұлтаралық қатынастарға қатысты ахуалды өткір проблемаларға жатқызбайды. Бұл туралы "Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың ахуалы тұрғындардың көзімен" атты социологиялық зерттеу қорытындысын жария еткен дөңгелек үстелде "Ашық қоғам" халықаралық аймақтық зерттеулер институтының басқармаларының төрағасы Игорь Кузнецов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 795
Фото - Caravan.kz

«Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі өздері тұрып жатқан өңірдегі ұлтаралық қатынастарға қатысты ахуалды өткір проблемаларға жатқызбайды», — деді И. Кузнецов.

Оның айтуынша, халықтық қазіргі таңда алаңдатып отырған проблемалардың тізімінде ұлтаралық сала өзекті әрі көкейкесті салаға жатпайтыны байқалады. Сауалнамаға қатысқандардың небәрі 5% түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар қазір өзекті деп санайды.

«Сауалнамаға қатысқандардың 93,1% ұлтаралық қатынас саласындағы жағдайды оң бағалады (36,9% — жақсы, 56,2% — негізінде жақсы). Сауалнамаға қатысқан адамдардың 4,9% жағдайды кері деп бағалайды. Ал жауап беруден қашқақтағандардың саны 2%», — деді И. Кузнецов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар