"Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі өздері тұрып жатқан өңірдегі ұлтаралық қатынастарға қатысты ахуалды өткір проблемаларға жатқызбайды", - деді И. Кузнецов.
Оның айтуынша, халықтық қазіргі таңда алаңдатып отырған проблемалардың тізімінде ұлтаралық сала өзекті әрі көкейкесті салаға жатпайтыны байқалады. Сауалнамаға қатысқандардың небәрі 5% түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар қазір өзекті деп санайды.
"Сауалнамаға қатысқандардың 93,1% ұлтаралық қатынас саласындағы жағдайды оң бағалады (36,9% - жақсы, 56,2% - негізінде жақсы). Сауалнамаға қатысқан адамдардың 4,9% жағдайды кері деп бағалайды. Ал жауап беруден қашқақтағандардың саны 2%", - деді И. Кузнецов.