Қазақстандықтар Жаңа жылды аздаған аязбен және ұшқындаған қармен қарсы алады - синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Жаңа жылды аздаған аязбен және ұшқындаған қармен қарсы алады - синоптиктер

Қазақстандықтар Жаңа жылды аздаған аязбен және ұшқындаған қармен қарсы алады - синоптиктер

Алдағы мереке күндері солтүстікатлантикалық циклон ауа райының жылы әрі ылғалды болуына әкеледі, соған байланысты ҚР бірқатар облыстарында қар жауады, елдің солтүстігінде екпінді желмен қарлы бұрқасын болады, ал республиканың оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ орнайды.

  • 30 Желтоқсан 2012
  • 511
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазгидрометтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Болжам бойынша, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ауа температурасының бағаны нөлден жоғары көтеріліп, жылымық болуы әбден мүмкін. Соған байланысты бұл аумақта жаңбыр жаууы ықтимал. Елдің солтүстік, шығыс және орталығында күндіз ауа бағаны небәрі 7-12 градус суықтықты құрайды.

30 желтоқсаннан бастап республиканың батысына Скандинав циклонының жақындауы аздаған аяз алып келеді. Бұл циклонның шығысқа қарай жылжуына сәйкес, Жаңа жылды аздаған аязбен және ұшқындап жауған қармен қарсы алу болжамы жасалуда.

«Қазгидромет» РМК ұжымы Сіздерді келе жатқан 2013 Жаңа жылмен құттықтайды!