Жаңа жылдық дастарханның орташа құны — 49 377 теңгені құрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Көп асүй ханымдарының таңдауы басты тағам ретінде бешбармаққа түсетіндіктен алдымен қазының бағасын білдік. Сөйтсек, бір келінің орташа бағасы — 5090 теңге деп тұр. Сиыр етінің келісі 3500-ден болса, жылқы еті 3900 теңгеден. Етті тек бір келіден алмайтынымыз түсінікті. Ендеше, бұл сомалар еселенеді. Ал, ұнның 2 келісі — 619 теңге. Пияздың келісі — 105 теңге.
"Оливье" салаты:
Пісірілген шұжық — 1477 теңге
Майонез — 705 теңге
Маринадталған қияр — 1099 теңге
Консервіленген бұршақ — 559 теңге
Картоп — 275 теңге
Сәбіз — 160 теңге
Жұмыртқа — 1335 теңге.
Тәттілер:
Торт — 5500 теңге
Кәмпит — 2845 теңге
Жеміс-жидектер:
Мандарин 1 кг — 699 теңге;
Алма 2 кг — 938 теңге;
Апельсин 1 кг — 1405 теңге;
Банан — 512 теңге.
Сусындар:
Coca-Cola, 2 л — 625 теңге;
Fanta, 1 л — 349 теңге;
Шырын 0,95 л — 565 теңге;
Тіскебасар:
Шұжық — 1480 теңге
Сыр — 1349 теңге
Алкогольді сусындар:
Шампан — 1796
Сонымен, 4 адамдық шағын отбасылық дастарханның өзіне шамамен 49 377 теңгеге шығындалуға тура келеді.