Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін жауапкершіліктен қашан босатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін жауапкершіліктен қашан босатылады

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін жауапкершіліктен қашан босатылады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.

  • 4 Қараша 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған мәселе бойынша Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтынша, заң жобасы жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Парламент депутаттарының бастама жасауымен әзірленген.

«Заң жобасы жүргізушінің жүргізуші куәлігі мен Қазақстан Республикасында берілген көлік құралы тіркеу куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды, сондай-ақ көлік құралдарының кейбір түрлерін пайдалану тәртібін реттеуге бағытталған. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», — деді Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар