Қазақстандықтар жыл сайын шетелдерде емделуге 200 млн доллардан аса қаржы жұмсайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар жыл сайын шетелдерде емделуге 200 млн доллардан аса қаржы жұмсайды

Қазақстандықтар жыл сайын шетелдерде емделуге 200 млн доллардан аса қаржы жұмсайды

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандықтар жыл сайын шетелдерде емделуге 200 млн доллардан аса қаржы жұмсайды. Бұл туралы бүгін фармацевтикалық нарықтың қазіргі заманғы даму ағымдары мен Қазақстан халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты интеграциялық көзқарасқа арналған халықаралық тәжірибелік конференцияда Ұлттық медициналық холдингі басқармаларының бастығы Алмаз Шарман мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қазан 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Жыл сайын 200 — 250 млн долларға жуық қаржы Германия, Австрия, Израиль сияқты елдерге кетіп жатыр, өйткені, Қазақстан тұрғындары осы елдерден медициналық көмек іздейді», -деді А. Шарман Ұлттық медициналық холдингті дамыту стратегиясының тұсауын кесу барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар