Қазақстандықтарды 2017 жылдағы ең ұзақ түн күтіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтарды 2017 жылдағы ең ұзақ түн күтіп тұр

Қазақстандықтарды 2017 жылдағы ең ұзақ түн күтіп тұр

2017 жылдың 21 желтоқсанында - ең ұзақ түн және ең қысқа күн болатын қысқы күн тоқырауы күтілуде.

  • 21 Желтоқсан 2017
  • 221
Фото - Caravan.kz


Мысалы, Астанада қысқы күн тоқырауында — 2017 жылдың 21 желтоқсанында сағат 9:16-да күн шықса, 17:09-да батады. Күндізгі уақыттың ұзақтығы 7 сағат 53 минутты құрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қысқы күн тоқырауда күн оңтүстік-шығыстан шығып, оңтүстік-батыстан батады.

Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Хал­қымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа күн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жар­ты шарда астро­номиялық қыс басталып, Сол­түстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Күннің қыс­қы тоқы­рауынан соң күн­нің бір­тіндеп ұзаруы бас­талады.