Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЮНЕСКО деректері бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіби білім бағдарламаларымен қамтылған 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі 14,66%-ды құрайды. Қазақстанда оқу құны жылына 250 мыңнан бірнеше ондаған миллион теңгеге дейін өзгереді. Оқытудың жоғары құны мектеп түлектері мен студенттердің шетелге кетуіне ықпал етуі мүмкін.
«Қазақстан жастары» зерттеуінің нәтижелері жастардың алған біліміне қанағаттану деңгейі 79,3% көлемінде қалып отыр. 2021 жылы бұл көрсеткіш 79,5%-ды құраған еді», — делінген құжатта.
Тұжырымдама28 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.