Қазақстандықтардың 75 проценттен астамы "Сайлау туралы" жаңа заңның мәтінімен таныс емес - сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың 75 проценттен астамы "Сайлау туралы" жаңа заңның мәтінімен таныс емес - сауалнама

Қазақстандықтардың 75 проценттен астамы "Сайлау туралы" жаңа заңның мәтінімен таныс емес - сауалнама

Қазақстандықтардың 75 проценттен астамы "Сайлау туралы" жаңа заңның мәтінімен таныс емес. Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының қауымдастығы өткізген сауалнама қорытындысы осындай,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Тамыз 2004
  • 609
Фото - Caravan.kz

Қауымдастық мәліметтері бойынша, сауалнама жүргізілген жекелеген сайлау округтерінде «Сайлау туралы» жаңа заңмен мүлдем таныспағандардың саны 80 проценттен асқан. Сөйтіп, «ересек қазақстандықтардың тек әрбір төртіншісі ғана өзінің сайлаушылық құқығының заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілу жағдайына көңіл бөлетін болып шықты»,- дейді сарапшылар.

Сауалнама барысында сондай-ақ Қазақстандағы саяси лидерлердің танымалдық деңгейі анықталды. Зерттеу қорытындысы бойынша, ең танымал саяси лидерлер арасынан «Отан» саяси партиясының жетекшісі, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев (68,7%), «Асар» партиясының төрайымы Дариға Назарбаева (62%) мен «Ақ жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов (27,6%) алда келеді.
Ал халық арасында танымал емес саяси лидерлер ретінде Аграрлық партияның жетекшісі Ромин Мадиновты(3,4%), Демократиялық партияның лидері Мақсұт Нәрікбаевты(3,2%), «Ақ жол» партиясының тең төрайымы Людмила Жуланованы (2,6%) атауға болады.
«Отан» партиясы лидерінің жоғары танымалдығын паш ететін рейтинг, жалпы қазіргі президенттің халық арасында белгілілігі тұстастай алғанда сайлау науқанының барысы мен оның нәтижесін анықтайтын өзекті факторға айналады, дейді сарапшылар.
Олардың атап көрсетуінше, елімізде саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларының мазмұнынан халықтың бейхабарлық ахуалы әлі де сақталып отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 24,6 проценті ғана «Асар», 23 проценті ғана «Отан» партиясының бағдарламасымен таныс болып шыққан.

Перейти к новостям спорта