Қазақстандықтарға алғашқы жарнасыз несиеге көлік беріледі – Роман Скляр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтарға алғашқы жарнасыз несиеге көлік беріледі – Роман Скляр

Қазақстандықтарға алғашқы жарнасыз несиеге көлік беріледі – Роман Скляр

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар24» телеарнасына тікелей эфирде берген сұхбатында осы жаңалықты жария етті.

  • 23 Ақпан 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 4 немесе 5 рет келіссөздер раундын өткіздік. Біз утилизациялық алымды толықтай жойсақ, елге ескі автокөліктер кіріп кетеді. Сондай-ақ, отандық автонарықты ынталандырудың өзге де жолдарын талқыладық», -дейді Роман Скляр. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, қаңтарда «Жасыл даму» мемлекеттік ұйымына берілген 200 млрд теңгеден астам қаражатты халықтың игілігіне жұмсау туралы шешім қабылданған. 

«Оны қалайша халық игілігіне жұмсайсыз? Біз осы қаражаттың 100 млрд теңгесін отандық автокөлікті несиелендіруді субсидиялауға беретін болдық. Оның ережесі мынадай болады: алғашқы жарнасыз жылына 4 пайызбен 7 жылға несие беріледі», -деді ол. 


Бұрын бұл бағдарлама бойынша халық машина құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде салуы керек еді.