Қазақстандықтарға арнайы қордан бір миллион теңге беріледі - талабы қандай - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтарға арнайы қордан бір миллион теңге беріледі - талабы қандай

Қазақстандықтарға арнайы қордан бір миллион теңге беріледі - талабы қандай

Алименттерді төлеу үшін арнайы құрылған қорда қажетті қаражат жиналған соң осындай мүмкіндік беріледі. Қазір қорға ақша жинау кезеңі жүріп жатыр.

  • 16 Шiлде 2020
  • 138
Фото - Caravan.kz

 Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар алимент бойынша қарызын төлеу үшін бір миллион теңге мөлшерінде қаражат ала алады , деп хабарлады Caravan.kz порталы sputniknews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, ол үшін арнайы қор құрылды. Бюджет жеке сот орындаушыларының республикалық палата мүшелері жарнасы және ерікті түрде қайырымдылық жасау есебінен жиналады.

"Қазір қордың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қаражат жинау кезеңі жүріп жатыр. Ақшаны бөлмес бұрын жинау керек. Бір реттік төлемдер бойынша шектеулер болады. Бір тұлғаға берілетін бір реттік төлем бір миллион теңге болады деп болжануда. Алайда нақты қанша қаражат берілетіні қорға ақша жинау кезеңі аяқталған соң белгілі болады", — деді әділет министрі.

Министр қордың көмегіне кез келген адам жүгіне алмайтынын атап өтті. Қарыз беру туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайтын болады.


Айта кетсек, алимент төлеуге арналған мамандандырылған қор құру туралы шешім 21 қарашада жеке сот орындаушыларының кезектен тыс съезінде қабылданды.

Бұл қор қиын кезеңде тап болған, жұмысынан айырылған немесе ауырып қалған алимент төлеушілерге көмектеседі.

Әділет министрлігі ұсынған механизмге сәйкес, алимент төлейтін қазақстандықтар қаржылық қиындықт кезінде қордан қаражат алатын болады. Кейін олар алған қаражатты қорға қайтаруға міндетті.

 

Соңғы жаңалықтар