Қазақстандықтарға өтпей қалған Стинг концертінің билеттерінің ақшасы қайтарыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтарға өтпей қалған Стинг концертінің билеттерінің ақшасы қайтарыла бастады

Қазақстандықтарға өтпей қалған Стинг концертінің билеттерінің ақшасы қайтарыла бастады

Астанада әлемге танымал британдық рок-музыкант Стингтің концертін ұйымдастырушылар концерт болмағандықтан бейсенбіде билеттердің ақшасын қайтара бастады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 598
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Астана күнін ұйымдастыру комитетінен атап өткендей, билеттің ақшасын алу үшін куәлік көрсету керек.

«Сатып алынбаған шақыру билеті барлар ақшаларын ала алмайды», деді комитеттен.
Билеттің ақшасын үш кассадан : Астанада («Жастар» сарайы), Қарағандыда ( «Қазақстан» бизнес-орталығы), Алматыда (Қазыбек би көшесі, 50) қайтарып алуға болады.
Алдында хабарланғандай, Стингтің концерті Астанада 4-шілдеде өтуі жоспарланған. Алайда музыкант Маңғыстау облысында мамыр айының соңында ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдау ретінде концертін өткізбеді.
Стингтің концертін ұйымдастырған STCS-Management компаниясы (Мәскеу) ақшаны толық қайтаруға уәде еткен.
Жалпы алғанда 5 мыңға жуық билет сатылған, билеттің құны 7-100 мың теңге аралығында.

Соңғы жаңалықтар