Қазақстанға 15 тонна мәрмәр тасты заңсыз енгізбек болған Өзбекстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға 15 тонна мәрмәр тасты заңсыз енгізбек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Қазақстанға 15 тонна мәрмәр тасты заңсыз енгізбек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстанға 15 тонна мәрмәр тасты заңсыз енгізбек болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 6 Маусым 2005
  • 753
Фото - Caravan.kz

Шекара бұзушыны «Арлан» десанттық мобильді тобы «Мырзакент» шекара заставасының маңында ұстады. Өзбекстан азаматы «КамАЗ» автокөлігімен шекара өткелегі жоқ жерден өтпекші болған. Жүк автокөлігін тексерген кезде шекарашылар декларацияда көрсетілмеген 15 тонна мәрмәр тас тапты. Іс материалдары мен жүк кеден қызметкерлеріне табысталды.

Сонымен бірге тағы да Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төңкеріс ауылының іргесіндегі «Сарыағаш» шекара заставасында екі Қазақстан азаматы ұсталды.Олар жүк көлігімен Өзбекстаннан 40 тонна қара металл сынықтарын контрабандалық жолмен әкеле жатқан. Шекара бұзушылардың қолында жүкті тасуға құқық беретін құжаттары мен жеке құжаттары болмай шықты.
Жалпы алғанда 30-мамыр мен 5-маусым аралығында еліміздің шекарашылары 249 шекара бұзушыны ұстады. Контрабандалық жүк алып өтуге жасалған 21 әрекетке тосқауыл қойылды.

Перейти к новостям спорта