Қазақстанға 20 елден Қазақ хандығының тарихын зерттеген ғалымдар келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға 20 елден Қазақ хандығының тарихын зерттеген ғалымдар келеді

Қазақстанға 20 елден Қазақ хандығының тарихын зерттеген ғалымдар келеді

 11 қыркүйек күні Астанада «Мәңгілік Ел» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 1182
Фото - Caravan.kz

Бүгін ОКҚ келіп, конференция туралы ақпарат берген ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешовтің айтуынша, конференцияға Қазақ хандығының тарихын зерттеген тарихшылар мен ғалымдар келеді.

«11 қыркүйек күні Назарбаев университетінде «Мәңгілік Ел» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шараға еліміздің лауазымды тұлғалары, үкімет өкілдері, атақты тарихшылар қатысады деп күтілуде. Конференцияның мән-мағынасы мен мазмұны ауқымды болмақ. Мысалы, конференция аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақ хандығынан Қазақстан Республикасына дейін: жаңа деректер мен жаңа тұжырымдамалар» атты сессия өтізеді. Сондай-ақ, еліміздің Жоғарғы соты «Қазақ құқығы мен билер сотының әлем өркениетіндегі орны» деген сессия ұйымдастырмақ. Жалпы, конференцияға 1500-ден астам адам қатысады. Соның ішінде, 20 елден Қазақ хандығының тарихын зерттеген ғалымдар мен тарихшылар шақырып отырмыз», — деп хабарлады А.Төлешеов.

Ал белгілі тарихшы, БҒМ Мемлекеттік тарих институтының директоры Бүркітбай Аяған нақтылап өткендей, тарихшылар АҚШ-тан, Франция, Италия елдерінен келеді екен.


«Елбасының тапсырмасына орай, Үкімет қаулысымен былтыр осы уақытта тойлана бастаған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аяқталып келеді. Бірақ, бұл зерттеу жұмыстары тоқтайды деген сөз емес. Мерейтойдың қорытынды шаралары өтеді, бірақ, ғылыми зерттеу жұмыстары жалғаса береді. 11 қыркүйек күні Астанада өтетін ғылыми конференцияның мазмұны өте салмақты. Себебі оған Қазақ хандығының тарихын зерттеген, жалпы, қазақ ұлтының тарихын білуге ынтық АҚШ, Италия, Франция, Башқұрстан, Татарстан және басқа да елдердің ғалымдары шақырылып отыр», — деп толықтырды Б.Аяған.

Соңғы жаңалықтар