«Іздеу тобы «Қақпақ» шекара заставасында шекара күзеті кезінде үш КамАЗ жүк автокөлігімен Өзбекстанның жеті азаматын ұстады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шекарашылар әлгілердің мемлекеттік шекарадан өткізу бекетін айналып заңсыз өткенін қосты.
«Тексеру кезінде автокөліктерден жалпы салмағы 24 тонна контрабандалық көкөніс шықты»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті