«Қазақстанда балалар теннисінің танымалдығын арттыру әрі дамыту мақсатында Теннис федерациясы әлемдік теннис жұлдыздары Динара Сафина мен Елена Лиховцеваның Қазақстанға сапарын ұйымдастырады», — делінген хабарламада.
Олардың сапары аясында Алматы мен Астана қалаларында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, қолтаңда және фото сессия өткізіледі.Елена-Лиховцева
Динара Сафина әлемнің бірінші ракеткасы атанған екінші ресейлік спортшы. Ол WTA турнирінің жеке сындарында 12 рет, жұптық сындарында 8 рет жеңіске жеткен. 2008 жлы Бейжің Олимпиадасында күміс жүлдені олжалаған. Динара 2011 жылы спорттық мансабын аяқтады.
Елена Лиховцева Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. Ол Үлкен дулыға турнирлерінде 2 рет жеңімпаз атанып, 7 мәрте ақтық сынға шыққан. WTA-ның 30 турнирінде жеңімпаз атанған.