Қазақстанға ауылшаруашылығы техникасын сатып алумен ғана шектелмей, оны өндірумен де айналысу керек - ҚР Елбасы

Елбасының атап көрсетуінше, еліміз қысқа мерзімде 3,5 мың ауылшаруашылығы техникасын сатып алған. "Ауылшаруашылығы техникасын біз түбегейлі жаңалауды алғаш рет жүзеге асырдық, бұл- сала аясындағы өсудің айқын белгісі екені анық",- деді ол. Соған қарамастан, Елбасының атап көрсетуінше, Қазақстанның мүддесі тек Ресейден техника сатып алумен шектелмейді. "Қазақстан үшін тракторлар мен комбайндар құрастыратын өндірістер ашудың маңызы зор. Сол себепті тек сауда-саттық шараларымен ғана шектелмейтін Ресейлік компанияларға мемлекет қолдау көрсетеді",- деді президент.

Мемлекет басшысы бірлескен кәсіпорын ашу жөніндегі ұсынысты үкімет дәйекті саралап көреді деп сендірді.