Қазақстанға БАҚ туралы жаңа заң қажет - ҚР мемлекеттік хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға БАҚ туралы жаңа заң қажет - ҚР мемлекеттік хатшысы

Қазақстанға БАҚ туралы жаңа заң қажет - ҚР мемлекеттік хатшысы

Қазақстанға "БАҚ туралы" жаңа заң қажет. Бүгін, 20-ақпанда өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында KZ-today тілшісіне берген сұхбатында ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осындай пікір білдірді.

  • 20 Ақпан 2004
  • 483
Фото - Caravan.kz

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, «қазіргі қолданыстағы БАҚ туралы заңның басты мақсаты мемлекет пен БАҚ арасындағы байланысты реттеу болатын». «Менің пікірімше, қазіргі жағдаймен заңның бұл міндеті орындалды»,- деді ол.

«Қазір елімізде 2 мыңнан астам БАҚ жұмыс істейтін жоғары дамыған ақпарат нарығы қалыптасты». «Ендігі жерде біз осы нарықтағы негізгі субьектілер болып табылатын жеке меншік иесі, құрылтайшы, редактор және журналист арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты реттеу мақсатын көздеуіміз керек. Қазір парламентте талқыланып жатқан БАҚ туралы заңның ең өзекті мәселесі осы»,- деді мемлекеттік хатшы.
«Қолданыстағы заңда қарапайым оқушы, қарапайым көрермен сынды тұтынушылар құқығы ескерілмеген. Менің пайымдауымша, оларды кейінге ысыруға болмайды. Бұл нарық ахуалында, дамушы демократиялық ахуалда тіптен назардан тыс қалмауы тиіс»,- деді И.Тасмағамбетов.
«Ойын тәртібін айқындап алу- кез-келген мемлекеттің табиғи құқығы, тіпті қажеттілік десек те артық емес, бірақ бұл жерде қоғамның өзіндік ерекшелігі мен дәстүр-қағидалары ұмыт қалмауы тиіс «,- дейді И.Тасмағамбетов. «Елімізде сөз бостандығы жоқ, мемлекет дәл қазіргі кезеңде қоғамды демократияландыруға бағытталған барлық процестерді тоқыруға ұшыратты деген әңгімелердің барлығы да саяси ойыннан туындап отыр»,- деп пайымдайды мемлекеттік хатшы.
Оның айтуынша, «дәл қазіргі сәтте мемлекетіміз өз дамуының транзитті кезеңін бастан кешіруде. Соған сәйкес, ақпараттық кеңістік пен бұқаралық ақпарат құралдары да транзитті ахуалда тұр «. «Сондықтан, БАҚ-тардың шама-шарқы жетпейтіндей тым жоғары талап қою да заңға сыймайды. Барымызбен базар болуға тура келеді. Ең негізгісі, біз эволюциялық жолдамыз»,- деді ол.
«Ұлы ғұламалардың бірі айтқандай, ұлт өз-өзімен сұхбат құратындай жағдайға жеткенде ғана еліміздегі БАҚ-тарды жоғары сапалық деңгейге көтерілді деп айта аламыз»,- деді И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар