Қазақстанға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің өзіндік моделі қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің  өзіндік моделі қажет - Назарбаев

Қазақстанға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің өзіндік моделі қажет - Назарбаев

"Бізге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тек Қазақстанның өзіне тән дербес үлгісі қажет. Ол таңдаулы әлемдік жетістіктерге негізделумен бірге еліміз экономикасының даму ерекшеліктерін, қалыптасқан қоғамдық қатынастарды, көп ұлтты мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді ескеруге тиіс". Бүгін, 15-қарашада Алматыда басталған "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Қазақстандық үлгі" тақырыбындағы халықаралық бас қосуға қатысушыларға арнап жолдаған өз мәлімдемесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қараша 2005
  • 730
Фото - Caravan.kz

«Бұл үлгіге бизнес пен биліктің іс жүзіндегі әріптестігі, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің, сондай-ақ, бизнес пен азаматтық қоғам институттары арасында әлеуметтік диалог орнатудың әлеуметтік жауапкершілікке ие іскерлік принциптері қамтылуға тиіс. Бұл үлгі мүдделі тараптардың мүддесін, құндылықтары мен ұстанымын құрметтеуге негізделуге тиіс»,- деді мемлекет басшысы. «Онда кәсіпкерлердің елді тұрақты дамытуға, экологиялық проблемаларды шешуге, әлеуметік маңызды ұлттық және аймақтық проблемаларды шешуге, кәсіби мамандар дайындауға, қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, Қазақстанның барша азаматтарының әл-ауқаты мен еліміздің экономикалық гүлденуіне қосатын үлесін арттыру жолдары қарастырылуға тиіс»,- деді мемлекет басшысы.

Президент кәсіпкерлердің Қазақстан қоғамы алға қойып отырған ауқымды мақсаттарды шешуге белсене араласатын сәт туғанын, жоғары даму деңгейіне көтерілген елдерге тән ағымдардың байқала бастағанын атап өткен. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты мәселе бойынша халықаралық форум өткізу Қазақстандағы кәсіпкерлік саласының қазіргіден де биік мақсаттарды шеше алатындай өресі мен кемелдену деңгейін көрсетеді»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта