Қазақстанға былтыр шетелден 90 мың тоннаға жуық косметика әкелінген - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға былтыр шетелден 90 мың тоннаға жуық косметика әкелінген

Қазақстанға былтыр шетелден 90 мың тоннаға жуық косметика әкелінген

Қазақстанда косметика өндірісі 6,1%-ке өсті.

  • 8 Ақпан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда былтыр 89,6 мың тонна косметика шетелден әкелінген, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.

Қазақстанда косметика өндірісі 6,1%-ке өсті. Былтыр қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда 6,1 мың тонна парфюмерия және косметика өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% артық.

"Косметика өнімдерінің экспорты да 54,5%-ке өсті. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 3,8 мың тонна косметика экспортталды", — дейді ұлттық статистика бюросы.

Осыған қарамастан импорт өнімдерінің үлес салмағы әлі де басым, өйткені өнімнің 93,6%-ы шетелден келеді. Өткен жылдың 11 айында 89,6 мың тонна өнім импортталған, өсім – 36,4%.

"Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 91,9 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 33,2% артық", — дейді ведомство.

Соңғы жаңалықтар