Қазақстанға ирригациялық және дренаж жүйелерін қалпына келтіру үшін Т900 млрд-тан аса қаржы қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ирригациялық және дренаж жүйелерін қалпына келтіру үшін Т900 млрд-тан аса қаржы қажет

Қазақстанға ирригациялық және дренаж жүйелерін қалпына келтіру үшін Т900 млрд-тан аса қаржы қажет

Қазақстанға ирригациялық және дренаж жүйелерін қалпына келтіру үшін Т900 млрд-тан аса қаржы қажет, деп мәлім етті АШМ су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анарбек Орман.

  • 23 Маусым 2011
  • 742
Фото - Caravan.kz

«Бізде дренаж және суару жүйелерін қалпына келтіру бағдарламасы жасалды. Оны жүзеге асыру үшін бізге 904 млрд теңгеқажет», — деді ол бейсенбі күні журналистерге.

Оның айтуынша, бағдарлама 2020 жылға дейінгі мерзімге жасалды.

«Бұл бағдарламаның аясында біз дренаж жүйелерінің бәрін жөндеп, 2 млн 75 мың га жерді сумен қамтамасыз етеміз», — деді комитет басшысы.

«Бізде дренаж ұңғымалар бойынша проблема бар. Бұрын 2400 дренаж ұңғыма жұмыс істесе, қазір олардың бір де біреуі жұмыс істемейді», — деді А.Орман.

Оның мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді. Бұл қаржыға 176ұңғыма қалпына келтіріледі.

Т904 млрд қаржы заем түрінде де, республикалық бюджеттен де тартылады. Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына сәйкес өтініш те жолданды.

Соңғы жаңалықтар