Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. хабарлайды Tengrinews.kz.
"185 адам бар, олар бірінші категориядағы елдерден келген — КХР. Әзірше олар карантинде. 1 наурыздан бастап біздің тізім толықтырылады — Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Иран елдері қосылады. Олардың барлығын ауруханаға жатқызайын деп жатқан жоқпыз. Вирустың белгілері бар адамдар ғана станционарға жатқызылады", — деді Біртанов.
Сондай-ақ, министрдің баяндамасы бойынша, қазір 2 235 адамның медициналық бақылауда екені айтылады. Бұдан бөлек үшінші категориядағы елдерден келген 1401 адамның бақылауда екені айтылады.
Соңғы деректер бойынша, әлем бойынша 82 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қайтыс болғандардың саны 2801 адамға жеткен.