Қазақстанға Малайзияның бас билеушісі мемлекеттік сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Малайзияның бас билеушісі мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанға Малайзияның бас билеушісі мемлекеттік сапармен келеді

11-14-қыркүйекте Малайзияның бас билеушісі Саид Сираджуддин Ибни Аль-Мархум Туанку Саид Путра Джамалуллаил Янг Ди-Пертуана Агонга XII мен оның зайыбы Туанку Фаузиа Бинти Альмархум Тенгку Абдул Рашид мемлекеттік сапармен елімізге келеді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 405
Фото - Caravan.kz

11-қыркүйектегі сапар бағдарламасына сәйкес, Малайзияның бас билеушісі мен оның зайыбы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздеседі деп межеленген. Сондай-ақ, Елордасында меймандар Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетте болып, Астанадағы Орталық мешітте жұма намазға қатысады, бұдан кейін президенттің мәдениет орталығы мен ҚР Республикалық Гвардиясының 2-полкында болады.

13-қыркүйекте Малайзияның бас билеушісі мен оның жұбайы Алматыға келіп, мұнда Қастеев атындағы өнер мұражайы мен Орталық мемлекеттік мұражайын, сондай-ақ, «Нұрдәулет » ат спорты шаруашылығы мен «Заңғар» сауда үйін аралайды.
14-қыркүйекте мәртебелі меймандар Стамбулға аттанып кетеді.

Соңғы жаңалықтар