Қазақстанға Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» қолжазбасы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» қолжазбасы жеткізілді

Қазақстанға Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» қолжазбасы жеткізілді

 Иран, Үндістан, Түркия және Моңғолия жеріне жасалған экспедицияның нәтижесі бойынша Қазақстанға Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» қолжазбасы жеткізілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова мәлім етті.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 1763
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, онымен бірге ғұлама ғалым, философ әл-Фарабидің он шақты қысқа трактаты да әкелінді. «Бұл шығармалардың барлығы Иран Ислам республикасының өзінде де еш уақытта зерттелмеген. Сондай-ақ Тәуекел ханға қатысты тың деректер табылып отыр», — дейді Ғ. Қамбарбекова.

Ғалым атап көрсеткендей, Иран, Үндістан, Түркия және Моңғолия жеріне жасалған экспедиция барысында қазақ халқының тарихына қатысты 25 қолжазба табылып, елге жеткізілді.


Перейти к новостям спорта