Қазақстанға ресми сапармен Монако князі Альбер II келіп жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ресми сапармен Монако князі Альбер II келіп жетті

Қазақстанға ресми сапармен Монако князі Альбер II келіп жетті

Монако князі Альбер II жұма күні Қазақстанға ресми сапармен келді.

  • 2 Қараша 2012
  • 408
Фото - Caravan.kz



Әуежайда князь Альберді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, Монакодағы Қазақстан елшісі Нұрлан Дәненов қарсы алды.
Бұл Монако князінің Қазақстанға жасап тұрған алғашқы сапары. Сапар барысында князь Елбасы Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Альбер II астаналық Бейбітшілік және Келісім сарайында жоспарланған «Монако ханзадасы Грей Келлидің дәуірі» атты көрменің салтанатты ашылуына қатыспақ. Айта кету керек, Грей Келли атақты голливудтық актриса болған және Альбердің туған анасы.
Ресми сапар барысында Астанада Монаконың құрметті елшілігінің ашылу салтанаты да жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар