Caravan Logo

Қазақстанға ресми сапармен Монако князі Альбер II келіп жетті

Қазақстанға ресми сапармен Монако князі Альбер II келіп жетті



Әуежайда князь Альберді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, Монакодағы Қазақстан елшісі Нұрлан Дәненов қарсы алды.
Бұл Монако князінің Қазақстанға жасап тұрған алғашқы сапары. Сапар барысында князь Елбасы Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Альбер II астаналық Бейбітшілік және Келісім сарайында жоспарланған "Монако ханзадасы Грей Келлидің дәуірі" атты көрменің салтанатты ашылуына қатыспақ. Айта кету керек, Грей Келли атақты голливудтық актриса болған және Альбердің туған анасы.
Ресми сапар барысында Астанада Монаконың құрметті елшілігінің ашылу салтанаты да жоспарланған.