Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао келді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао келді

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың әуежайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық саммитінің жұмысына қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоны қарсы алды.

  • 13 Маусым 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

Астанада өтетін ШЫҰ-ның алдағы мерейтойлық саммиті Ұйымның мүше-мемлекеттерінің өзара түсіністігін нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның 12 маусым күні Астана әуежайына келгендегі жазбаша мәлімдемесінде айтылған.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың шақыруымен көркем ел — Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен және Шанхай ынтымақтастық ұйымының онжылдық мерейтойлық саммитіне қатысу үшін кезекті мәрте келгеніме өте қуаныштымын. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан халқына қытай халқының шынайы сәлемін және ізгі тілегін жолдаймын.

Қытай және Қазақстан — тату көршілер және стратегиялық әріптестер, екі халықтың арасындағы достық тамыры тереңде жатыр. Дипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бері 20 жылға жуық уақыт ішінде қытай-қазақстан қатынастары салауатты арнада серпінді және орнықты дамып келеді. 2005 жылы екі мемлекет арасында стратегиялық әріптестік орнатылуымен өзара саяси сенім ұдайы нығайып келеді, іс үстіндегі ынтымақтастық қарышты дамуда, гуманитарлық байланыстар үздіксіз кеңеюде. Әр тараптың түбегейлі мүдделеріне қатысты маңызды мәселелер бойынша өзара батыл қолдау көрсетілуде. БҰҰ, ШЫҰ, АӨІСШК сияқты және басқа да көпжақты құрылымдарда тығыз өзара іс-қимыл қолдау тауып келеді. Қытай-қазақстан стратегиялық әріптестігінің нығаюы біздің елдеріміздің дамуына және гүлденуіне ғана емес, сонымен қатар әлемдегі бейбітшілікті және аймақтағы және бүкіл әлемдегі тұрақтылықты қолдауға елеулі түрде жәрдемдесіп отыр деп айтуға болады.

Қазақстанда болған кезімде мен Президент Н.Назарбаевпен келіссөздер жүргіземін, Премьер-Министр К.Мәсімовпен кездесемін. Күн тәртібінде — екіжақты қатынастардың перспективалық дамуын стратегиялық жоспарлау және екіжақты мүддені көздейтін аймақтық және халықаралық өзгерістердің өзекті мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі пікір алмасу қарастырылмақ. Ортақ күш-жігермен менің осы жолғы сапарым қытай-қазақстан стратегиялық әріптестігін сапалы жаңа деңгейге шығаруда табысты болатынына сенімдімін.

Сондай-ақ онжылдығына орай ШЫҰ мерейтойлық саммитінің жұмысына қатысамын. Ұйымның алдағы онжылдығы қарсаңында өткелі отырған саммиттің ШЫҰ-ның перспективалық дамуы үшін зор маңызы бар. Қабылдаушы тарап — Қазақстанның мұқият дайындалуы және қалған қатысушы елдердің ынтымақтасқан күш-жігерінің арқасында алдағы саммит мүше-мемлекеттердің өзара түсіністігін нығайтуға және ШЫҰ-ның орнықты, салауатты және тұрақты одан әрі дамуының бірлескен жоспарын жасауға елеулі үлес қосады деп сенім білдіремін.

Қазақстан Республикасына қуаттылық мен гүлдену, ал оның халқына — бақыт тілеймін! Астана қаласының достас тұрғындарына тыныштық, бақыт және игілік тілеймін!

Соңғы жаңалықтар