Қазақстанға «сауатты» исламды насихаттайтын қуатты құрылым құру қажет – сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға «сауатты» исламды насихаттайтын қуатты құрылым құру қажет – сарапшы

Қазақстанға «сауатты» исламды насихаттайтын қуатты құрылым құру қажет – сарапшы

Қазақстанға «сауатты» исламды насихаттайтын қуатты құрылым құру қажет, деп есептейді жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі және БҰҰ жанындағы халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, Құранның орысша мағанасын аударған Валерия Порохова.

  • 22 Шiлде 2011
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстанда экстремистік қауіпті көріп отырған жоқпын. Меніңше, бұл өте саналы халық, оның үстіне ол өте сауатты. Қазақстанда не жетіспейді? Жетпейтіні — жоғарғы діни сауаттылық жетіспейді. Қазақстанда міндетті түрде ешқандай жат дәстүрлерсіз құрандағыдай сауатты исламды насихаттайтын зор, қуатты, жақсы «миы» бар құрылым құрылуы тиіс», — деді В. Порохова жұма күні лаңкестік проблемасына арналған халықаралық конференцияда.

Оның пікірінше, әлемдегі барлық діндер біртұтас және осы себепті «алда тек қана білімді жақсы игеру керек».

«Ең жоғарғы мәртебелінің түсірген ең алғашқы сөзі «икра» болды, ол дегеніңіз «оқы» дегенді білдіреді. Оқу керек, оқу және оқу керек, тыңдамау керек – оқу керек», — деді ол.

Лаңкестікпен күрес үшін ұсыныс ретінде сарапшы, «ең алдымен лакестіктің пайда болу себебін ойлау керек» деген кеңес берді. «Біз лаңкестіктің уәжін анықтауымыз керек, одан кейін – сол уәжді жасаған, оны іс жүзіне асырушы адамдарды анықтауымыз керек», — деді В. Прохоров.

«Біз оның кімге тиімді екенін, олардың нақты аты-жөнін білуіміз керек. Мәселе сонда», — деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар