Қазақстанға шағын және орта бизнесті дамыту идеологиясын түбегейлі жаңалау қажет - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға шағын және орта бизнесті дамыту идеологиясын түбегейлі жаңалау қажет - президент

Қазақстанға шағын және орта бизнесті дамыту идеологиясын түбегейлі жаңалау қажет - президент

"Біз шағын және орта бизнесті дамыту идеологиясын түбегейлі жаңалауымыз қажет". Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 1194
Фото - Caravan.kz

Германия, Бельгия және Италия сынды елдерде шағын және орта бизнестің үлесіне барлық кәсіпорындардың 90 проценті тиеді, деді Н.Назарбаев. Ал әлемнің көптеген алпауыт елдерінде шағын және орта бизнес Жалпы Ішкі Өнімнің 50 процентін шығарады. «Сол себепті біз шағын және орта бизнесті дамыту идеологиясын түбегейлі жаңалап, кәсіпкерлік орта ұсынған бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасауға тиіспіз» және «кәсіпкерлікке бейімі бар әрбір қазақстан азаматы осы ортаға кірігуі тиіс»,- деді президент. «Инновациялық экономиканы дамытуға барлық жағдай жасалды, кәсіпкерлерге енді оны жүзеге асыру ғана қалып отыр»,- деп атап өтті Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы «сөзден іске көшу қажеттігін» тағы бір атап өтті. Соның ішінде «мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс саласына жатпайтын функцияларын шағын және орта бизнеске беру ісін аяқтау» абзал. «Сол арқылы біз кәсіпкерлк саласының тынысын кеңейте аламыз»,- деді Елбасы.
Президенттің пікірінше, «шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнес үшін қаржылық супермаркетке айналуы тиіс». Сол үшін 2005-жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлінеді. Нәтижесінде қордың кәсіпкерлікті несиелендіру мүмкіндіктері 25 млрд. теңгеге дейін артады. Сонымен бірге банк несиелеріне кепілдік беру мен оны сақтандыруды жүзеге асырған жөн. «Бұл шағын және орта бизнес үшін қомақты қолдау болмақ. Бұған олар іспен жауап қатады деп сенемін»,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта