Қазақстанға шетелдерден әкелінетін тауарларға сараптама жасап беру жөніндегі тәуелсіз бағалаушы ICS компаниясы мемлекеттік басқаруға берілуі тиіс - Алматы шағын бизнес департаментінің директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға шетелдерден әкелінетін тауарларға сараптама жасап беру жөніндегі тәуелсіз бағалаушы ICS компаниясы мемлекеттік басқаруға берілуі тиіс - Алматы шағын бизнес департаментінің директоры

Қазақстанға шетелдерден әкелінетін тауарларға сараптама жасап беру жөніндегі тәуелсіз бағалаушы ICS компаниясы мемлекеттік басқаруға берілуі тиіс - Алматы шағын бизнес департаментінің директоры

Қазақстанға шетелдерден әкелінетін тауарларға сараптама жасап беру жөніндегі тәуелсіз бағалаушы ICS (Inspection and Control Services) компаниясы мемлекеттік басқаруға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін, 9-қаңтарда өткізілген баспасөз мәслихатында Алматы қалалық шағын кәсіпкерлік департаментінің директоры Серік Тұржанов пікір білдірді.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 1035
Фото - Caravan.kz

С.Тұржановтың айтуынша, қазір осынау тәуелсіз компания Қазақстанға әкелінетін тауарларға жаппай сараптама жасау құқығына ие болды. 11-ші кәсіпкерлер форумында ICS компаниясының республикадағы іс-қызметіне мемлекет басшысы да тоқталып өтті. Н.Назарбаев бұл компанияның монополиялық іс-қызметіне тосқауыл қою қажеттігін атап көрсеткен болатын. Алайда, Қазақстан кедендік брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың атап көрсетуінше, соңғы бір айда ICS компаниясына өз іс-қызметін бұрынғы көлемде атқара беруге құзырет беретін бірнеше шешімдер мен қаулылар қабылданды.

Сондай-ақ, Г.Шестаковтың хабарлауынша, ҚР Жоғары сотының анықтағанындай, мониторинг жүргізуі тиіс ICS компаниясы сот алдына жауап беруші ретінде шақырыла алмайды. Сөйтіп, «ICS компаниясын сотқа тартуға келмейтін сыңаржақ ахуал қалыптасты»,- деді Қазақстан кедендік брокерлері қауымдастығының төрағасы.
Алматы қалалық шағын кәсіпкерлік департаментінің директоры Серік Тұржановтың пікірінше, ICS компаниясы «іс жүзінде мемлекеттік мекемеге айналды». Компания қазір тауар құнына қоса есептелген барлық қаржының 35 процентін сыйақы ретінде қарпып отыр. С.Тұржановтың айтуынша, компания қазақстандық емес болғандықтан «стратегиялық сипаттағы коммерциялық ақпараттар Қазақстан аумағынан тысқары кетіп жатыр». Бұл әрекеттер республиканың экономикалық қауіпсіздігіне орны толмас нұқсан келтіруде,- деп пайымдайды С.Тұржанов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР кедендік бақылау агенттігі Қазақстанға шетелдерден әкелінетін тауарларды тәуелсіз сараптап беру жөнінде халықаралық ICS компаниясымен 2000-жылы шартқа отырған. Алайда, сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың басым көпшілігінің пікірінше, тәуелсіз бағалаушы тауардың кедендік құнын асыра көрсету арқылы өз жұмысында біршама қателіктерге жол беруде.
Сондай-ақ, тәуелсіз сарапшы-бағалаушы ретінде ICS компаниясының Баға және тарифтер жөніндегі Бас келісім-шартына қайшы әрекеттерге жол беріп отырғанына кәсіпкерлер наразы. Бұл келісім-шарты бағалаушыға тауарлардың белгілі бір мерзімдегі кедендік бағасын есептеуде жалпыға ортақ әдістемелер қолдануды міндеттеумен бірге сотқа дейінгі қарым-қатынастарды реттейтіні белгілі.

Соңғы жаңалықтар