Жарияланды: 350

Қазақстанға шетелдерден жұмыс күшін әкелуге арналған 2004-жылғы квота белгіленді

Қазақстан аумағында еңбек етуі үшін шетелдерден жұмыс күшін әкелуге арналған 2004-жылғы квота белгіленді. Осыған қатысты үкімет қаулысына ҚР премьер-министрі Даниал Ахметов қол қойды.

Қаулыға сәйкес, шетелдерден жұмыс күшін әкелуге арналған 2004-жылғы квота еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 0,21 проценті мөлшерінде белгіленді. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ақпаратына сәйкес, еліміздегі экономикалық белсенді тұрғындардың саны 7 млн. 900 мың адамды құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін