Қазақстанға ШЫҰ үкімет басшыларының бас қосуына қатысу үшін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ШЫҰ үкімет басшыларының бас қосуына қатысу үшін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао келеді

Қазақстанға ШЫҰ үкімет басшыларының бас қосуына қатысу үшін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао келеді

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанға таяу күндерде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшыларының кезекті отырысына қатысу үшін бірінші ресми сапармен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін Қытай Халық Республикасының елшісі Чэн Гопин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қазан 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңізге мәлім, жуырда Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшыларының кезекті отырысы өтеді. Оған Қытай жағынан премьер-министр Вэнь Цзябао қатысады», -деді Ч. Гопин. Оның айтуынша, «бұл Вэнь Цзябаоның үкімет басшысы ретінде Қазақстанға жасайтын бірінші ресми сапары, және ол екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуы үшін айрықша маңызға ие».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар