Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді

Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді

Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек ретінде 5 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді.

  • 21 Шiлде 2020
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Кеше таңертең Алматы қаласының әуежайына аппарат толық жиынтығымен жеткізілді. Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын індетпен күресті қолдау ретінде Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының еуропалық бренді жіберді. Өмірді сақтап қалуға арналған жабдық Түркияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланып, жасап шығарылды және ол қауіпсіздіктің барлық халықаралық талабы мен стандартына сай келеді", — делінген хабарламада.

Ведомстводағылар әкелінген аппараттар Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілгенін атап өтті.

"Компания өкілдерінің хабарлауына қарағанда, биыл көктемде 120 инженерден тұратын топ бар-жоғы 2 аптаның ішінде Ыстамбул қаласындағы Arcelik Garage — ашық инновациялық орталығында аппараттың алғашқы прототипін жобалап, тестілеуден өткізген. Маусым айының басына қарай оның Cerkezkoy electronics орталығында коммерциялық негізде ел ішіне және одан тыс жерлерге бөліп беру үшін 5000 аппарат жасап шығарған.

Компанияның өкпенді жасанды тыныс алдыру аппаратын індеттің алғашқы кезеңінде вируспен күрес жүргізіп жатқан елдерге сыйға тарту ниеті бар. Аталған бастама аясында 5 аппаратты Қазақстан алды. Қазіргі уақытта, келген аппараттар кедендік тексеруден өтіп, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілді", — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.