Қазақстанға ұлттық квалификациялық құрылым қажет - ҚР БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ұлттық квалификациялық құрылым қажет - ҚР БҒМ

Қазақстанға ұлттық квалификациялық құрылым қажет - ҚР БҒМ

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бар квалификацияларды біртұтас жалпыұлттық стандартқа келтіру қажет. Бұл туралы бүгін "Кәсіби білім және бизнес: әріптестер арасындағы сұхбат" тақырыбында алғашқы халықаралық форумда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансеиіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2008
  • 545
Фото - Caravan.kz

Барлық мамандықтар бойынша жаңа талаптардың жобасын жасау міндетті емес. Жекелеген салалар бойынша осы саладағы жетекші елдердің дайын кәсіптік стандарттарын сатып алуға болады, деді министр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың мәліметінше, жалпыреспубликалық кәсіптердің классификаторына қатысты жұмыстар таяу уақыттарда аяқталады. Сондай-ақ, Біртұтас тарифтік квалификациялық анықтамалыққа да өзгерістер енгізіледі. «Бұл анықтамалықта 70 мамандық бар, оның 30-ы Кеңес одағынан бері келе жатқандар. Бұл — дұрыс емес. Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Оның өз анықтамалығы, өз кәсіптік талаптары болуға тиіс»,- деді Б.Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар