Caravan Logo

Қазақстанға ұлттық квалификациялық құрылым қажет - ҚР БҒМ

Қазақстанға ұлттық квалификациялық құрылым қажет - ҚР БҒМ

Барлық мамандықтар бойынша жаңа талаптардың жобасын жасау міндетті емес. Жекелеген салалар бойынша осы саладағы жетекші елдердің дайын кәсіптік стандарттарын сатып алуға болады, деді министр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың мәліметінше, жалпыреспубликалық кәсіптердің классификаторына қатысты жұмыстар таяу уақыттарда аяқталады. Сондай-ақ, Біртұтас тарифтік квалификациялық анықтамалыққа да өзгерістер енгізіледі. "Бұл анықтамалықта 70 мамандық бар, оның 30-ы Кеңес одағынан бері келе жатқандар. Бұл - дұрыс емес. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Оның өз анықтамалығы, өз кәсіптік талаптары болуға тиіс",- деді Б.Сапарбаев.