М.Көпейдің пікірінше, «заңда табиғи зілзалаларды басқарудың мемлекеттік жүйесі айқындалуы тиіс». «Жер сілкінісі болған жағдайда мемлекеттік мекемелер атқаратын функциялардың ара жігі нақты ажыратылуға тиіс. Парламенттің, үкіметтің, төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік мекемелердің, тіпті, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының атқаратын функциясы жеке-жеке көрсетілуі тиіс»,- деді М.Көпей.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің ақпаратына сәйкес, ҚР сейсмология институты «Жер сілкінісі туралы» заңның жобасын жасаған. Осындай заң жобасын Тәжікстандық сейсмологтар да ұсынған көрінеді.
Бұл заңның қабылдануын жеделдету қажет, деді М.Көпей. Ол осы орайда ЕурАзЭҚ немесе ТМД аясында «Жер сілкінісі туралы» модельдік заң жобасының жасалу мүмкіндігін жоққа шығармады.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрі табиғи апаттарға байланысты шұғыл әрекет ететін Орталық Азия аймақтық үйлестіру орталығын құру қажеттігін де атап көрсетті. «Аталмыш қауіптің алдын алу, болжау және басқару үшін күш, қаржы-қаражат, білім, тәжірибе және мүмкіндіктерді жаппай шоғырландыра интеграциялау қажет»,- деді М.Көпей.