Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, үш адамды бақилық қылған өзбек азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, үш адамды бақилық қылған өзбек азаматы ұсталды

Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, үш адамды бақилық қылған өзбек азаматы ұсталды

Талғар ауданының Панфилов кентінде жекеменшік тұрғын үйлердің бірінен денелерінде ұрып-соғу белгілері бар Чикуриди отбасының ерлі-зайыптыларының және көрші тұратын ер адамның мәйіттері табылды.

  • 19 Қараша 2012
  • 298
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері қылмысқа күдікті Өзбекстанның 36 жастағы азаматын ұстады. Ол қазіргі уақытта Талғар АІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына тоғытылды.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдікті Қазақстанға қылмысты жасардан бір күн бұрын келген, және бірден гүлдерді өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге жұмысқа орналасқан. Ал келесі күні марқұмдарға тиесілі зергерлік бұйымдарды қолды етіп, елден ізін суытпақ болған.

Жиналған айғақтар қылмыстың қасақана жасалғандығын растап отыр. ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.