“Қазақстан-Көкшетау” телеарнасы директоры орынбасарының үйі тоналды
|
Көкшетауда жергілікті “Қазақстан-Көкшетау” телеарнасы директоры орынбасарының үйі тоналды. Ұрылар пәтерден қомақты қаржы жымқырған.
Атап айтсақ, 2 сейфке бөліп салынған 19 млн теңге, 3 мың доллар мен қымбат зергерлік бұйымдарды көтеріп кетіпті. Тапа-тал түсте келген сұғанақтар 3-ші қабаттағы телеарна басшысы пәтерінің есігін бұзбай, сәйкес кілтпен ашқан. Көздегені сейфтер ғана болды ма, үйдегі құндыз тондар, басқа да бағалы заттар мен техникаға тиіспепті. Соған қарағанда ұрылар алыстан келмеген деп топшылайды тәртіп сақшылары.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін