Қазақстаннан көшетін халықтың саны азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан көшетін халықтың саны азайды

Қазақстаннан көшетін халықтың саны азайды

2020 жылы Қазақстаннан 29,1 мыңнан астам адам кетіп, елге 11,4 мың мигрант келді.

  • 4 Наурыз 2021
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұған Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының (ҚР ҰСБ) деректері дәлел бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл ретте келгендер мен кеткендер арасындағы айырмашылық минус 17,6 мыңды құрады, соңғы бірнеше жылда алғаш рет елден көшкендер саны 35,6%-ға азайды.

ҰСБ мәліметінше, Қазақстанның көші-қон сальдосы 10 жылдан астам уақыттен бері теріс мәнге ие.
2013 жылдан бастап бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көші-қон ағыны минус 33 мың адамнан минус 17,6 мың адамға дейін немесе 46,6%-ға қысқарды.

Айта кетейік, келгендердің саны да 6,6%-ға азайды. Бұл COVID-19 пандемиясымен байланысты болуы мүмкін.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтыр қазақстандықтардың көпшілігі Ресейге – 25 139 адам (2019 жылмен салыстырғанда — 36,8%), Германияға – 2250 (-19,8%), АҚШ-қа – 247 (-9,5%), Беларуське – 234 (-34,3%), Өзбекстанға – 199 (-54,3%), Канадаға – 111 (+35,4%), Қырғызстанға – 85 (-52%), Украинаға – 71 (-12,3%), Израильге – 61 (-59,3%), Түркияға – 54 (-33,3%) және Әзірбайжанға — 32 (-17,9%) қоныс аударған.

Ал Қазақстанға Ресейден – 3614 (+6,6%), Өзбекстаннан – 2595 (-37,6%), Қытайдан – 1560 (+4,7%), Түркіменстаннан – 1192 (+36,4%), Қырғызстаннан – 465 (+23,7%), Түркиядан – 312 (2,3 есе өсті), Әзірбайжаннан – 176 (-11,6%), Германиядан – 175 (-24,6%), Тәжікстаннан – 158 ((-8,7%), Моңғолиядан – 147 (-46,4%), Ираннан – 106 (-17,2%), Грузиядан – 99 (2,3 есе өсті), АҚШ-тан – 73 (-12%), Украинадан – 70 (-31,4%), Беларусьтен – 42 (-44%), Армениядан – 23 (-32,4%) және т. б көшіп келген.


Өңірлік бөліністе елден кеткендер саны бойынша Қарағанды облысы көшбасшы болды (4,1 мың адам). Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы — 3,8 мың адам, үшінші орында — Қостанай облысы – 3,3 мың адам.

Соңғы жаңалықтар