Қазақстаннан мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған ресейлік кәсіпкер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған ресейлік кәсіпкер сотталды

Қазақстаннан мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған ресейлік кәсіпкер сотталды

Ресейдің Рубцовск қаласында жергілікті кәсіпкерге қатысты сот болды.

  • 18 Қараша 2015
  • 359
Фото - Caravan.kz

Ол Қазақстаннан шамамен 81 мың литр мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды barnaul.me.

Бизнесмен «Алтай шикізат компаниясының» директоры қызметін атқарған. Ер адам қылмыстық әрекеттер жасап жүргенін, мұнай өнімдері стратегиялық маңызды ресурстарға жатқызылатынын білген.


Тасымалданған тауарға жалған құжаттар әзірленген. Сол арқылы ол Қазақстаннан құны 2 млн. 300 мың рубльден асатын отынды тасымалдаған. 
Сот ер адамды үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Соңғы жаңалықтар