Қазақстаннан Ресейге 7 тонна бензинді заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан Ресейге 7 тонна бензинді заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстаннан Ресейге 7 тонна бензинді заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасында 7 тонна бинзинді заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 139
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петропавлдағы «Жаңажол авто» өткізу пунктіне Мамлютка қаласынан жанғыш-майлау материалдарының ұрланғаны туралы хабар келіп түсті. Мемлекет шекарасына қарай бағыт алған күдікті жасырынып үлгерген.

Шекара қызметкерлері Ресей Федерациясына «Митсубиши» автокөлігімен 7 000 литр бензин алып өтпек болған көрші елдің азаматын құрықтады.


Мамлютка ауданының құқық қорғау органдары аталған істен хабардар.