Қазақстаннан Ресейге дрондар тасымалданғаны рас па – Министр түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан Ресейге дрондар тасымалданғаны рас па – Министр түсініктеме берді

Қазақстаннан Ресейге дрондар тасымалданғаны рас па – Министр түсініктеме берді

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан Ресейге 500 дрон тасымалданды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

  • 24 Мамыр 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс кулуарында журналистер Жамаубаевтан Ресейге Қазақстан арқылы дрондар тасымалдаған компания туралы сұрады.

"Жалпы біз кез келген кәсіпкерді ұстап, қандай да бір тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз. Сондықтан да нақты сіз айтып тұрған компанияны тексеріп көрейік. Қаншалықты қауіп төндіріп тұр, санкциялық қаупі бар компания ма, соны анықтайық. Алдында бізге Еуропадан, АҚШ-тан арнайы делегация келді. Олар өз ойларымен бөлісті. Олар Қырғызстанға да, Өзбекстанға барды, барлық мемлекетті аралап шықты, келіссөз жүргізді. Олар қандай да бір санкциялық тауарларды анықтасақ, сізге тізімін жібереміз, соғыс болып жатқан жерден осындай қалдықтар табылды деп хабар береміз деді", — деді Жамаубаев.

Оның айтуынша, шетелдік делегациялар берген ақпараттың ішінде дрон тасымалдаған компания туралы айтылмаған.


"Олар берген ақпараттың ішінде сіз айтып отырған компания жоқ. Бірақ біз қосымша тәуекелдерді басқару жүйесін қосамыз, әрине мұндайға жол бермейміз. Бізде мыңдаған кәсіпкер бар. Олардың декларациясын тексеру керек, мүмкін басқа тауар деп көрсеткен шығар", — дейді министр.

Бұған дейін халықаралық зерттеушілер тобы Ресей Украинадағы операцияға қолданатын дрондарды Қазақстан арқылы алып жатқанын хабарлаған болатын. Көрші елге 500 дрон жеткізген компания ретінде "Аспан Арба" көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар