Қазақстаннан шетелдерге әкетілуге дайындалған есірткінің 90% ұсталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан шетелдерге әкетілуге дайындалған есірткінің 90% ұсталады

Қазақстаннан шетелдерге әкетілуге дайындалған есірткінің 90% ұсталады

Қазақстаннан шетелдерге әкетілуге дайындалған есірткінің 90% шекараға жетпей ұсталады, деп ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитетінің (ЕКК) төрағасы Анатолий Выборов мәлім етті.

  • 29 Маусым 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Мен елімізден сыртқа әкетуге дайындалып жатқан есірткінің (марихуана, гашиш – ҚазТАГ) шамамен 90%-ын ұстайтынымызды барша жауапкершілікпен мәлімдей аламын», — деді А. Выборнов сейсенбі күні Ауғанстан есірткісінің Орталық Азия елдері арқылы ағымын тоқтату жөніндегі американдық әкімшілік өкілдерімен кездесуінде.

Оның айтуынша, заңсыз айналымнан жыл сайын алынатын гашиш тобындағы есірткі шамамен 20-дан 30 тонна аралығында құбылып тұрады.

Келіссөздер барысында ЕКК басшысы нашақорлық пен есірткі бинесіне қарсы тұрудағы ең басты проблемалардың бірі – ауғанстандық есірткі трафигі. Ол өтетін елдердегі есірткінің 10-15%-ын құрайды.

«Осыған байланысты соңғы жылдары Қазақстанда есірткінің дәл осы апиын тобындағы героинді пайдаланушылар артып отыр. Бүгінге біз олардың саны 48 мың деп отырмыз», — деді А. Выборнов.

Сонымен қатар ол, соңғы 2 жылда Қазақстандағы есірткі құмарлардың саны 12-13%-ға азайды дейді.

«Бұл шекарадағы тосқауыл мен нашақорлықтың профилактикасы арқасында, сондай-ақ бүгінге Ауғанстандағы есірткі өндірісінің қысқаруының арқасында мүмкін болғандығын БҰҰ баяндамасы да растап отыр», — деді ЕКК басшысы.

Нашақорлықпен күрестің басқа проблемасы ретінде А. Выборнов, өзіміздегі канабис тобындағы есірткінің (марихуана, гашиш) Шу алқабында өсуі мен Батыс Еуропа және Ресейден тасымалданатын синтетикалық есірткінің артып отырғандығын атап өтті.

Героин тапшылығының салдарынан оның «қара базардағы» бағасының артып отыруы, «дезоморфина», «экстази» және LCD мен басқа да синтетикалық есірткінің келіп тұруын өте өзекті проблемаға айналдырды», — деді А. Выборнов.

Соңғы жаңалықтар