АҚШ-тан келген боксшы, Қазақстан тумасы Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) пен бразилиялық Эдуардо Перейра дос Рейестің (22-4-0, 18 КО) салмақ өлшеу рәсіміндегі көз арбасу шараның басты оқиғасы болды. Оңтүстікамерикалық жұртты шулатқысы келіп, қарсыласымен жұдырықтасып кетпекші болды.
Ниязов оның әрекетіне күлкімен ғана жауап берді, сосын оларды промоутер Нельсон Лопес ажыратып алды.
Айта кетейік, боксшылар бірінші жартылай орта салмақ (63,5 келі) жұдырықтасады – бразилиялықтың салмағы 62,1 келі болса, қазақ боксшының салмағы 63,3 келі болды.