Қазақстанның 10-ға жуық телеарнасы кабельдік топтамаға енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 10-ға жуық телеарнасы кабельдік топтамаға енгізілмек

Қазақстанның 10-ға жуық телеарнасы кабельдік топтамаға енгізілмек

6 қараша күні конкурс нәтижесі бойынша кабельдік, эфирлік және спутниктік желілерге енгізілуі міндетті әлеуметтік маңызы бар телеарналардың тізімі белгілі болады. Бұл туралы бүгін Астанада «Телерадиотарату туралы» заң жобасы талқыланған дөңгелек үстел барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті.

  • 25 Қазан 2012
  • 515
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні тек екі телеарна Қазақстанның 95 пайыз аймағын эфирлік желімен қамтыған. Олар: «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналары. Қалған телеарналар 50 пайыз деңгейінде. Осыған орай, заң жобасы азаматтардың отандық телеарналарға қолжетімділігін арттыруды көздейді. Ол үшін кабельдік, эфирлік және спутниктік желілерге енгізілуі міндетті әлеуметтік маңызы бар телеарналардың тізімі жасалады», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, кабельдік, эфирлік және спутниктік желілерге енгізілетін телеарналардың саны, алдын ала болжам бойынша, шамамен 10-ға тарта болмақ.

«Ешкімге де басымдық берілмейді. Кабель арқылы міндетті түрде таратылатын телеарналардың тізімі көрсетілген критерийлерге сай қатаң Заң бойынша құрылады. Заң бойынша барлығының да қатысуға құқығы бар. Алайда белгіленген талаптар бар, соның ішінде тіл тепе-теңдігі заңнамасын ұстану жатады», — деп атап өтті ол.

Қазір Қазақстанның медиа кеңістігінде 52 телеарна ақпарат таратып, 150 кабельдік оператор қалың көрерменге қызмет көрсетуде. Жоғарыда аталған телеарналардың тек 12-і ғана, республика аумағына ақпарат таратса, жүздің үстіндегі кабельдік телебайланыс операторлары, негізінен шетелдік медиақұралдардың дүниесін назарға ұсынып отыр. Нәтижесінде, ел медиакеңістігінің ауқымды бөлігі солардың еншісінде. Аталмыш заң жобасы аясында кабельдік топтамаға отандық арналар қосылса, таразы басы теңесіп, қазақстандық контенттің дамуына серпін береді.

Соңғы жаңалықтар