Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

  • 15 Қараша 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Маңғыстау облысының орталығында, батысында тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Ақтөбе облысының орталығында түнде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, кейде тіпті 30 м/с-дан да жоғары болады деп болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с-ға дейін жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыс орталығында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с-ға дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.