«Қараңыз, қандай керемет нәрсені тауып алып келдім — АҚШ-қа сапар алдында. Бірнеше ай бұрын америкалық әріптес-достарыммен хабарласып, тапсырма беріп, солардың көмегімен Қазақстанның тағы бір ескі картасын қолға түсірдім. Бұл карта 1638 жылы Франкфуртта басылған екен. Бұған дейінгісі көшірме еді, ал мынау түпнұсқа», -деп жазды ол.