Қазақстанның 20 коммуналдық кәсіпорны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік моделіне ауыстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 20 коммуналдық кәсіпорны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік моделіне ауыстырылады

Қазақстанның 20 коммуналдық кәсіпорны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік моделіне ауыстырылады

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында қалалық су арналарын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік моделіне ауыстыру мақсатында Қазақстанның 20 коммуналдық кәсіпорнын кезең-кезеңімен қамту көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінен мәлім етті.

  • 3 Маусым 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының ағымдағы жылғы 24 мамырдағы №570-ші қаулысымен 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама су көздерін тазартылмаған ағынды сулармен ластауды тоқтатуды, жекеменшік капиталды сумен қамтамасыз ету және суды ағызу саласына тартуды, іске қосатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуді, сумен қамтамасыз ету және суды ағызу жүйелерін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жер асты суларын тиімді пайдалануды көздейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, халықты орталықтандырылған жүйелі сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын — 1-санаттағы ашық су қоймалардағы судың сапасы санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2009 жылмен салыстырғанда республика бойынша төмендеп кеткен.

Су қоймалардың ластануы жағынан алдыңғы орында Қызылорда облысы тұр — 95,8 пайыз, одан кейінгі орында Батыс Қазақстан облысы — 22,4 пайыз, Ақмола — 16,9 және Оңтүстік Қазақстан облысы — 8,5 пайыз көрсеткішімен орналасуда.

Ашық су қоймалардағы судың сапасына әсер ететін себептердің бірі суды ағызу желілеріндегі апаттар, шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тазартусыз төгу болып табылады.

Қалалық су арналарды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) моделіне ауыстыруды тездету мақсатында бағдарлама аясында коммуналдық басқару меншігіндегі 20 кәсіпорынды кезең-кезеңімен ауыстыру көзделіп отыр.

Мәселен, 2012 жылы МЖС үлгісіне ілкі жоба ретінде 4 қаланың су арнасын ауыстыру көзделуде, олар — Тараз, Атырау, Семей және Ақтөбе қалалары.

Екінші кезекте, яғни 2013-2015 жылдары аралығында дайындық шамасына қарай су шаруашылығының қалған 16 кәсіпорнын ауыстыру жоспарланып отыр.

Барлығы МЖС механизміне 14 ірі қала (Қостанай, Орал, Ақтау, Талдықорған, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Екібастұз, Түркістан, Жезқазған, Балқаш, Кентау, Риддер, Қызылорда) мен республикалық маңыздағы екі қала (Астана, Алматы) ауыстырылатын болады.

Бағдарламаны жүзеге асыруға әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар мен эксплуатациялық кәсіпорындар тартылады.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

ЕҚҚДБ-нің қолғабыс етуімен Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Тараз, Атырау, Семей қалаларының әкімдіктері су ресурстарын басқару бойынша қолданыстағы нысандарды жаңғырту және жаңа нысандарды салу бағытында бірлесіп жұмыстар атқаратын болады.

Соңғы жаңалықтар