Қазақстанның 2005-жылғы ақша-қарыз саясатының басты мақсаты - жылдық орташа инфляция көрсеткішін 4,9 - 6,5 процент аралығында ұстап тұруға саяды - Ұлттық банк төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 2005-жылғы ақша-қарыз саясатының басты мақсаты - жылдық орташа инфляция көрсеткішін 4,9 - 6,5 процент аралығында ұстап тұруға саяды - Ұлттық банк төрағасы

Қазақстанның 2005-жылғы ақша-қарыз саясатының басты мақсаты - жылдық орташа инфляция көрсеткішін 4,9 - 6,5 процент аралығында ұстап тұруға саяды - Ұлттық банк төрағасы

2004-жылдың 9 айында Қазақстандағы инфляция 3,8 процентті құрады. Бұл туралы бүгін, 1-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қараша 2004
  • 644
Фото - Caravan.kz

«2004-жылы Қазақстан экономикасында инфляциялық ағымдар ушыға түсті. 2004-жыл басынан бері инфляцияның айлық орташа қарқыны соңғы төрт жылдағы көрсеткіштерден артты»,- деді Ұлттық банк төрағасы.

Бұл ағымға түсініктеме берген Ә.Сәйденовтың айтуынша, кейінгі жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің біршама өсуі байқалды. 2000-жылдан бері ол 63 процентке өсті. Ә.Сәйденовтың пікірінше, қазіргі инфляция қарқынының сақталуына Жалпы ішкі өнімнің өсімі көбінесе түрткі болуда. «Бұл ретте инфляция қашан да экономикалық өсімге ілесе жүретін құбылыс ретінде қарастырылады. Сонымен бір уақытта тұтынымдық және инвестициялық сұраныстың арту ағымы байқалады»,- деді Ұлттық банк төрағасы.
Ә.Сәйденовтың айтуынша, инфляцияның өсуіне әсер етіп отырған тағы бір себеп — оның Қазақстанға импортталуы болмақ. «2002-жыл басынан бері әлемдік нарықта мұнай бағысының екі еседен астам қымбаттауы ішкі нарықта жанармай бағасының қайткенде қымбаттауына алып келді»,- деді Ә.Сәйденов. Оның айтуынша, осы мерзімде жанармай бағасы 34,7 процентке қымбаттады. Жанар-жағармайдың басқа түрлеріне де баға қымбаттап, ол өз кезегінде басқа да тауар және қызмет түрлерінің бағасы қымбаттауына алып келді.
Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қазақстанынң басты әріптестері — Ресей, Украина және Қырғызстанда да инфляция жоғары деңгейде сақталып отыр. «Аталмыш елдермен арадағы қазіргі тұтыным тауарларының айналымын ескерсек, олардың бағасының қымбаттауы Қазақстандағы инфляцияға да әсер етеді»,- дейді Ә.Сәйденов. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2004-жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі болжанған шектен шықпайды, ал оның жоғарғы шегі 7 процент деңгейінде. Қазақстанның 2005-жылғы ақша-қарыз саясатының басты мақсаты — жылдық орташа инфляция көрсеткішін 4,9 — 6,5 процент аралығында ұстап тұруға саяды. «Бұл болжам үкімет айқындаған басқа да макроэкономикалық параметрлерге сәйкеседі»,- деді Ә.Сәйденов. Оның пікірінше, «инфляция деңгейін аталмыш дәліз шеңберінде сақтап қалу үшін Ұлттық банкке ақша-қарыз саясатын қатайтуға тура келуі де мүмкін».

Перейти к новостям спорта