Жарияланды: 340

Қазақстанның 2013 жылдың соңына қарай Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі боламын деген үміті бар

Қазақстанның 2013 жылдың соңына қарай Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі боламын деген үміті бар

Қазақстанның 2013 жылдың соңына қарай Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі боламын деген үміті бар, деп мәлімдеді республиканың премьер-министрі Серік Ахметов.

"Бүгінгі күндегі жағдайға тоқталар болсақ, Кеден одағына мүше елдердің бірі ДСҰ құрамында. Қазақстан да онда мүше болуға дайын, бүкіл келіссөздер ойдағыдай өтсе, 2013 жылдың соңында ДСҰ енетін шығармыз", деді ол "Ресей 24" телеканалына берген сұхбатында. С.Ахметовтың айтуынша, Қазақстан бұл ұйымға мүше болу үшін Ресей басынан өткізген келіссөздердің үрдісін үйренді. Алдында экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова Қазақстан ДСҰ енуге қатысты бүкіл келіссөздер үрдісін келесі жылдың бірінші жартысында аяқтайды, деп хабарлаған болатын. Қазақстанның ДСҰ енуі бәсекеге қабілетсіз тауар өндірушілерге біршама қиындау болмақ, деп мәлімдеді республиканың премьер-министрі Серік Ахметов. "Әрине, ДСҰ, Кеден одағына ену деген сөз тауар өндірушілер тәуекелділікке бел буады деген сөз, ең алдымен бұл жағдайда бәсекеге қабілетсіздерге біршама қиындау болады. Бүкіл шараларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге әзірміз", деді ол сейсенбіде "Ресей 24" телеканалына берген сұхбатында. Оның пікірінше, шаруасын жаңалауға тырыспайтындар қиналып қалатын болады. "Яғни адамдар сапалы, бағасы ойдағыдай тауар алуға тиіс. Жаңа шарттар кезінде әрине, біреу ұтады, біреу ұтылады", деді С.Ахметов. "Менің ойымша, 2011 жылдың нәтижелерінің өзінде Кеден одағы шеңберінде біздің елдер арасындағы тауар айналымы артты", деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін